Жайқалтқан бұл жер үстін,
Келді міне жеңіс күн.
Сол жеңістің арқасы,
Басын шалдық көп істің.
Жеңіс күні - бұл ұлы күн, керемет мереке, бұл майдан даласында қаза тапқан жас қыршындар туралы қасиетті естелік. Бұл замандастарымыздың соғысқа қатысқан жауынгерлерге деген, соғысқа ұл-қызын жіберген Аналарға деген, соғыстан мүгедек болып келеген сарбаздарға деген, соғыстан қайтпай қалған миллиондаған жастарға деген құрметіміз. Жеңімпаздар ұрпағының алдындағы біздің парызымыз - соғыс туралы тарихи естелікті сақтау, бірде-бір қаза тапқан сарбазды ұмытпай, тірі соғыс және еңбек майданы ардагерлеріне, соғыс балаларына көрсеткен ерлігі үшін құрмет көрсету. Жеңіс күнін жақындатқандарды еске алу үшін Железин ауданының барлық кітапханалары "Есте сақтауға міндеттіміз" тарихи-патриоттық еске алу акциясына қатысты.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Ұлы мереке, Жеңіс күні қарсаңында Михайловка модельдік ауылдық кітапханасы "Ұрпақтар естелігі өшпейді" атты әдеби-музыкалық композициясын өткізді. Бағдарламада: А.Т. Твардовскийдің шығармашылығы бойынша "На привале" қойылымы. Василий Теркин-балагур және көңілді сарбаз, бөлімшенің жаны. Ұрыста - бәріне үлгі, тапқыр жауынгер, ол ең қиын жағдайда өзін-өзі керемет ұстайды. В.Теркин - әрдайым ән айтып, гармоньда ойнайды, өткір сөзі бар тапқыр жауынгер.
Біздің Отанымыз үшін күрескендер қатары күннен күнге азайып барады. «Кітап оқитын» автобус Ұлы Отан соғысының ардагері Кузьма Ивановичтің үйінде кезекті аялдама жасады. «Железин ауданының ОКЖ» КММ директоры Каримова Алтын Танжарыққызы Кузьма Ивановичке құттықтауын жеткізіп, денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.
Осыншама қыиындықпен қолжеткізген Жеңісті ұмытпау үшін Железин ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің осы акциясы - патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілік. Осы шара арқылы біз әр оқырманның, біздің артымыздан келе жатқан жаңа ұрпақтың білімі мен түсінігін қалыптастыру үшін берік іргетасымыздың бөлшегі деп санаймыз.
