Ұлы Отан соғысының қатысушылары туралы әңгімелерді тыңдау әрқашан қызықты. Әрбір оқиға бірегей, трагедияға толы болып келеді. Балалар, немерелер ардагерлер туралы естеліктерді қастерлеп сақтайды, олардың ерліктері туралы мақтанышпен айтады. Бүгін сіз тағы бір сарбаз – еліміздің батыры туралы білесіз. Кузьмино ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ищанова Гүлназ Олжабайқызы ағасын еске алады. Қажахатов Ғабдолламен таныс болыңыздар.
Менің әкемнің інісі Қажахатов Ғабдолла әкемді алмастырды. Оның қамқор және сүйетін бейнесі әрқашан менің жүрегімде. Ол 1924 жылы 24 ақпанда Павлодар облысы Ертіс ауданы Сілеті ауылында дүниеге келген. Колхозда бастауыш мектеп мұғалімі болып жұмыс істеді. Соғысқа қатардағы жауынгер болып кетті. Жақсы күрескер болды. 336-шы атқыштар полкінің құрамында соғысты. Кенигсбергті босатуға қатысты. Жауынгерлік еңбегі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Ерлігі үшін", "Кенигсбергті алғаны үшін", "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін", "Еңбек ардагері" медальдарымен марапатталған.
Ертіс ауданы Котельников ауылдық кеңесінің төрағасы болды, Ертіс ауданы "Қоскөл" совхозының шаруашылық бөлімі бойынша директордың орынбасары болып жұмыс істеді. Ауылдың игілігі үшін күші пен денсаулығын аямады. Сегіз бала тәрбиелеген. Барлығына оның сүйіспеншілігі мен назары жеткілікті болды. Ол бізге мейірімді және еңбекқор болуға, бір-бірімізге қамқорлық жасауға үйретті. Менің ең жарқын естелігім - әкеммен біге Семейге сапарым. Мен ол кезде 4-сыныпта болдым. Бұл сапар маған қатты ұнады, өйткені біз бәріміз бірге болдық...Керемет уақыт өткіздік.
Ғабдолла Қажахатов туралы естелікті балалары, немерелері мен шөберелері мұқият сақтайды. Өйткені біз осы жерде өмір сүріп жатырмыз, батырларымыз туралы естелікті есте мәңгі сақтау өте маңызды.